АСТАНА. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Бөкей ордасы ауданының Шұңғай стансысынан 500 метр жердегі қоқыстан Ұлы Отан соғысы кезеңінің 3 снарядын (ұзындығы 30 см, диаметрі 15 см) тауып алды,
деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар ол зымыранның тұмсық бөлігінің ұзындығы 50, диаметрі 30 сантиметрлік қалыбын да тауып алған. Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің «Арлан» арнайы бөлімшесі келгенше аудандық ішкі істер бөлімі жарылғыш зат табылған жерді қоршауға алды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.