ОРАЛ. ҚазАқпарат - Зеленов ауданы Январцев ауылында тұратын учаскелік полиция инспекторы Эдуард Ғаббасовтың үйінен ер адамның мүрдесі табылған.
Январцев ауылдық округінің әкімі Абылай Жұмағалиевтің сөзіне қарағанда, марқұм болған Бегун Январцевтен бес шақырым қашықтықтағы Красноармейск елді мекенінде тұрған, еш жерде жұмыс жасамаған. Оның өліміне күдікті ретінде аталған полиция қызметкері ұсталып, қамалды.
Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның жай-жапсары анықталуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).