БҚО жол полициясы қызметкерлері жыл басынан бері 109 қылмыстың бетін ашты

ОРАЛ. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО жол полициясы қызметкерлері биылғы он бір айда өзге де қызметтермен бірлесе отырып 738 қылмысты (өткен жылы осындай уақытта - 705) ашты.

БҚО ІІД жол полициясы басқармасынан Нұртай Лезовтың хабарлағанындай, жыл басынан бері жол полициясы қызметкерлерінің өздері 109 қылмыстың (өткен жылы он бір айда - 76) бетін ашты.

Жалпы, он бір айда өңірде 260 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 72 адам қаза тауып, 261-і жарақат алды. Жол апаты өткен жылғыдан 22,6 пайызға, қаза тапқандар 12,2, жарақаттанғандар 24,7 пайызға өсіп отыр. Соның ішінде балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы 25 пайызға артқан.