«Боинг 737»-нің апатқа ұшыраған орнынан 18 мәйіт табылды

АСТАНА. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат - Ливанның жағалауына құлаған «Боинг 737»-нің апатқа ұшыраған орнынан 18 мәйіт табылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Осы аумақта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Алайда Эфиопия авиакомпаниясы тірі қалғандар туралы деректердің жоқ екенін мәлімдеді.