Бөкей ордасы ауданы прокуратурасының араласуымен 39 қызметкердің жалақысы төленді - БҚО

ОРАЛ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Бөкей ордасы ауданы прокуратурасы жүргізген мониторинг барысында «Орда» МКҚК-нің 2012 жылдың қазан және қараша айлары үшін 39 қызметкерге жалақы төлемегені анықталды.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осы факті бойынша заңбұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілген. Соның нәтижесінде кәсіпорын қызметкерлеріне 400 мың теңге еңбекақы төленді.