ОРАЛ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы аудандық байланыс жүйесі толықтай сандық байланыс жүйесіне көшірілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан әкімі Рахман Кариннің айтуынша, бұл облыспен арадағы телефон байланысын қазіргі заман талабына жаңартып, қызметтің сапасы мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік берді. Телефонға мұқтаж тұрғындар тілегі толық қанағаттандырылатын болады. Сондай-ақ Интернет жүйесін де ешқандай кедергісіз пайдалануға қол жетіп отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).