ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақсай қаласында 1998 және 1999 жылғы жастар арасында бокстан «Достық» кубогы үшін дәстүрлі XVIII халықаралық турнир өтуде.
Аталмыш додаға Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан елдерінен, сондай-ақ Қазақстанның Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары мен Ақсай қаласынан жас боксшылар қатысып, сынға түсуде.
Жарыстың ашылу рәсімінде атақты спортшы, бокстан әлем чемпионы Галиб Джафаров жастарға рингте сәттілік тіледі.
17 қазанда мәреге жететін турнирдің бас демеушілері «Омаров» ЖК («Бәйтерек» сауда үйі) мен «МонтажТехСервис» ЖШС екендігін айта кетейік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).