Бокс: Бакудегі әлем чемпионатында үш боксшымыз жарыстан шығып қалды

АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Әзірбайжанның Баку қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Оған қатысып жатқан Қазақстан құрамасының үш боксшысы, атап айтқанда, Руслан Мәдиев (54 килә), Арбек Әбдуғаниев (81 килә) және Асқар Күпеншеев (91 килә) бірінші жекпе-жектерінде жеңіліп қалып, жарыстан шығып қалды. Алғашқы екеуі кубалық боксшыларға, соңғысы ресейлік боксшыға есе жіберді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Турнирде қалған боксшыларымыз әзірше табысты өнер көрсетуде. 57 килә салмақтағы Дархан Жұмсақбаев бразилиялық Витор Оливейроны 13:4, 60 килә салмақтағы Сабыржан Бақбергенов беларус Микола Манулинді 9:6, 64 килә салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов израильдік Аркадий Рудерманды 13:4, 69 килә салмақтағы Жәнібек Әлімқұлов румыниялық Александр Вантты 13:2, 75 килә салмақтағы Әділет Рақышев нигериялық Акамджи Муидинді 5:0, аса ауыр салмақтағы Дәулет Мұсабаев тәжік Мирожидин Каримовты 7:1 есебімен жеңді. Бұлардың арасында Дархан Жұмсақбаев (57 килә) пен Жәнібек Әлімқұлов (69 килә) екінші жекпе-жектерін өткізіп үлгерді. Дархан литвалық Таутувдас Саткевистен 4:2 есебімен басым түссе, Жәнібек молдовалық Чиобан Петроны 10:2 есебімен жеңді.

Сәуірдің 28-де мынадай жекпе-жектер өтеді.

48 килә - Әнуар Мұзапаров - Вадим Кириленко (Беларус)

51 килә - Нұрлан Әбжанов - Доуден Кандел (Гренада)

60 килә - Сабыржан Бақбергенов - Сильва Каста (Бразилия)

64 килә - Мейірім Нұрсұлтанов - Бене Гердо (Венгрия)

Сәуірдің 29-да мынадай жекпе-жектер өтеді.

57 килә - Дархан Жұмсақбаев - Элвин Исаев (Әзірбайжан)

69 килә - Жәнібек Әлімқұлов - Хуанг Янхул (Қытайй)

75 килә - Әділет Рақышев - Илиас Саввидис (Грекия)

91 килә - Даулет Мұсабаев - Гасан Гимбатов (Ресей).