БОКС: Головкин мен Стивенс арасындағы жекпе-жек тікелей эфирден көрсетіледі

ҚАРАҒАНДЫ. 1 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстандық жанкүйерлер Геннадий Головкиннің американдық боксшы Кертис Стивенспен кездесуін тікелей эфирден көре алады,

деп хабарлады Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен. «Қазақстандық боксшы Г.Головкин мен американдық К.Стивенс арасындағы жекпе-жек «KAZsport» және «Қазақстан» телеарналарының тікелей эфирі арқылы көрсетіледі», - деп жазылған хабарламада.

Кездесу 3 қараша күні таңертең болады, деп еске салады басқарманың баспасөз қызметінен.

Көрсетілім Астана уақыты бойынша 06:45-те басталады.