Бокс: Қ. Кертенбаев PABA нұсқасы бойынша чемпион атағын қорғайды

АСТАНА. Ақпанның 8-і. ҚазАқпарат - Ақпанның 13-де қазақ боксшысы Қанат Кертенбаев Паназиялық боксшылар қауымдастығының (PABA) нұсқасы бойынша чемпион атағын қорғайды. Жерлесіміздің қарсыласы грузиндік боксшы Бекой Саджая,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің спорт» сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Қ. Кертенбаев алдағы жекпе-жекке Алматы қаласында дайындалуда. Аталмыш бокс кеші аясында қазақстандық боксшылар Мират Сәрсембаев, Александр Журавский, сондай-ақ Марат Мәзімбаевтың промоутерлік компаниясының өкілі Иса Ақбербаевтар шаршы алаңға шығады.