Осымен 27-ші мәрте ұйымдастырылатын дәстүрлі жарыста біздің боксшылар алты салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің спорт» сайтының мәліметінше, Польша астанасында өтетін турнирде Қазақстан намысын 48 келіде Біржан Жақыпов, 54 келіде Данияр Төлегенов, 64 келіде Данияр Елеусінов, 69 келіде Серік Сәпиев, 75 келіде Нұрдәулет Жарманов, ал аса ауыр салмақта Рүстем Іргебаев қорғайды.