Осылайша, қазақстандық спортшы Еуропаның жаңа чемпионы атанды. Оның еншісінде 22 жеңіс болды, оның 15-і мерзімінен бұрын аяқталды.
Айта кетейік, Жақияновтың секунданты әлемдік бокста аты аңызға айналған британдық Рикки Хаттон болды, ол сондай-ақ осы кешті ұйымдастырған еді.
Енді жеңіл салмақ дәрежесі бойынша Еуропа чемпионы атанған былғары қолғап шебері Жанат Жақиянов WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулын жеңіп алу үшін бақ сынай алады. Қазір ол атақ жапондық Шинсуке Яманакада. Ал Жақиянов WBC рейтингісінде әзірге алтыншы орында. Алайда, осы жеңісінен кейін ол жоғары көтеріледі деген үміт бар.