АСТАНА. ҚазАқпарат – Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан екінші жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері М.Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта үндістандық Сачин Сивачпен қолғап түйістірді.
Бірінші раундта бес төреші жеңісті Махмұдқа бергенімен, екінші кезеңде таразы басы үндістандық боксшыға сәл ауды. Дегенмен үшінші раундта қазақстандық спортшы тізгінді қайта қолға алды.
Осылайша, М.Сабырхан 5:0 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.
Бүгін сондай-ақ қазақстандықтар Дулат Бекбауов (67 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг) Ташкент рингіне шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергеновтің ширек финалға шыққанын жазған едік.
Сондай-ақ Нұрбек Оралбай ширек финалға жолдама алды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).