Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, 43 жасар Пейдж Сан-Францисконың бірнеше банктерін тонағанын мойындады. Ол өткен жылы қаланың сегіз банкінен 20 мың доллардан астам қаражат ұрлаған.
Өткен жылғы маусымда банкте қызмет істейтіндердің бірі боксшыны фотосынан танып, тұтқындалған болатын.
Бұдан бұрын да ұрлық жасаған ол он жыл түрмеде отырған. 2001 жылғы желтоқсанда Пейдж Атлантадағы банкті тонағаны үшін сотталып, бостандыққа 2012 жылы шыққан еді.