Бокстан Қазақстан құрамасының рейтингі

Фото: None
 

Қазақстан 1904-2016 жылдар аралығында өткен Олимпиада ойындарындағы медальдар саны бойынша құрлықтық рейтингте көш бастап келеді. Бокс -Олимпиада бағдарламасына алғаш рет 1904 жылы енгізілді.


Қазақстан Республикасы әлемдегі көшбасшылық позициясын жоғалтпай келеді. 1974 жылдан бастап, 2017 жылды қоса алғандағы аралықта өткен Әлем чемпионаттарындағы медальдар саны бойынша еліміз 4-ші орында тұр.


Әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарының соңғы 5 додасының қорытындысы бойынша, бокстан ерлер құрамасының өнер көрсету динамикасы - оң.


Бокстан Қазақстан құрама командасының Азия ойындарындағы көрсеткіші 2018 жылы Индонезияда өтетін келесі Ойындардың қарсаңында ерекше маңызға ие болмақ. 2014 жылы 10 медаль бұйырды. Алдағы мақсат - жоқ дегенде осы жетістікті қайталау немесе оның санын арттыру.

Соңғы жаңалықтар