Котто шыққан тегі иемендік АҚШ боксшысы Садам Әлиге қарсы бірінші орта салмақта WBO белбеуін қорғайтын болады.
Мигельдің қоржынында 41 жеңіс (33-і нокаутпен) және бес жеңіліс бар. Котто бірінші жартылай орташа салмақта, жартылай орта салмақта, бірінші орта және орта салмақта әлем чемпионы титулдарын иеленген және Демаркус Корли, Пол Малиньяджи, Заб Джуда, Шейн Мозли, Антонио Маргарито, Рикардо Майорга, Серхио Мартинес сияқты былғары қолғап шеберлерінің сағын сындырған.
Әли 25 жекпе-жекте (14 нокаутпен) жеңіске жетіп, бір рет жеңіліс тапқан.