«Елбасымыз еліміздің дүние жүзіндегі 110 мемлекеттің арасынан суырылып алға шығып, 50-орынға көтерілгенін, Тәуелсіздік алған жылдардан бастап 500-ге жуық денсаулық нысаны, 750 мектеп салынғанын, 5302 мектепке дейінгі мекеме, 1117 балабақша, 4185 орталық ашылғанын айтты. Бұл - үлкен жетістік әрі біз үшін зор мақтаныш. Елбасының елімізді индустрияландыру, шағын және орта кәсіпкерлікті өрістету, тұрғындарға медициналық көмек көрсету, білім беру саласын жаңғырту, тілдерді дамыту, ауылдарға таза, сапалы ауыз су жеткізу деңгейін жақсарту жөніндегі пікірлері жүрегімізге жол тапты. Сонымен бірге биыл Тәуелсіздіктің 20 жылдығын жасампаз елдің әлемдік кеңістікте зор салтанат құруы тұрғысында өткізіп, оны әр қазақстандықтың сезінуі жөнінде айтқаны көңілімізден шықты. Қалай десек те Қазақстан халқы алға батыл қадам баса бермек. Жолдауда, өзі айтқандай, бар ғұмыры ел тағдырымен еншілес Елбасымыз бен халқымыз аман болсын, береке мен бірлігіміз жараса берсін», - деді Н.Әбдірешев.
18:14, 28 Қаңтар 2011
Болашақтың іргесін бірге қаласып, Тәуелсіздіктің 20 жылдығын бірге тойлайтын боламыз - Н.Әбдірешев, БҚО
ОРАЛ. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалайық» атты биылғы Жолдауын алыс ауданда тұратын біздер де ерекше ықыласпен тыңдадық. Бұл туралы Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Нұрболат Әбдірешев мәлім етті.