АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласында №25 орта мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламадан кейін оқушылар мен қызметкерлер шұғыл қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Наурызбай батыр мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан №25 білім мекемесінде қаланың жедел және төтенше қызметтері алғашқы ден қою шаралары аясында тексеру жүргізді.
Оқушылар мен ұстаздар тез арада эвакуацияланды.
«Белгілі болғандай, мектеп ғимаратын тексеру кезінде жарылыс зат табылған жоқ»,- деді Салтанат Әзірбек.
Қазір полиция мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабар таратқан адамның кім екенін анықтап жатыр.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.