ОРАЛ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Жәнібек ауданы Ағоба ауылдық округінде қайғылы оқиға орын алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудандық ішкі істер бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, Соркөл-1 қыстағында тұратын Нұрболат Ажымұратов әйелі Жамал және 2005 жылы туған ұлы Ерболатпен бірге екі шақырым қашықтықтағы Соркөл-2 қыстағына қонаққа барады. Қайтарда тұман түсіп, олар жолдан адасады. Ері ат-шана алып келмек болып, әйелі мен баласын белгілі бір жерде қалдырады. Өкінішке қарай, қайтып оралғанда, қайғылы жағдайға тап болады. Отыз жеті жасар әйел бүкіл жылы киімін баласына жауып, өзі үсіктен көз жұмды. Тірі қалған бала ауруханада жатыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).