«Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, аталған жолдың 83-184 шақырымындағы Көктума мен Достық аралығында барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.
Сонымен қатар қазіргі кезде боран салдарынан Ақтөбе облысында «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» (92-258 км, Ембіден Шалқарға дейінгі аралық) автожолында барлық көліктерге жол жабық.