Алматы облысында 12 қаңтардан бері "Үшарал-Достық" жолының 0-184 шақырымы аралығында жол жабық.
Сонымен қатар кешеден бастап "Алматы-Өскемен" жолының 558-615 шақырымындағы "Үшарал-Шығыс Қазақстан обл. шекарасы" учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Шығыс Қазақстан облысында 15 қаңтар сағат 16.00 бастап "Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" жолының 15-191 шақырымындағы "Белоусовка а.-РФ шекарасы" аралығында да жол жабылды.
Ал бүгін осы өңірде сағат 09.45 бастап "Өскемен-Шемонайха-РФ шекара" жолының 32-123 шақырымындағы "Предгорное-РФ шекарасы" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.
Қарағанды облысы бойынша 15 қаңтар сағат 12.30 бері "Қызылорда-Павлодар" жолының 433-749 шақырымындағы "Жезқазған-Атасу" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
16 қаңтар сағат 13.30 бастап "Екатеринбург-Алматы" жолының 1492-1858 шақырымындағы "Қарағанды-Балқаш" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.
16 қаңтар сағат 13.30 бері "Қызылорда-Павлодар" жолының 992-1135 шақырымындағы "Қарағанды-Павлодар обл." аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
2013 ж 16 қаңтар сағат 14.50 бастап «Екатеринбург-Алматы" жолының 1353-1444 шақырымындағы "Ақмола обл.-Теміртау қ." аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.
Павлодар облысы өңірінде 16 қаңтар сағат 12.30 бастап "Астана-Ерейментау-Шідерті" жолының 205-259 шақырымындағы "Шідерті-Ақмола обл." аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
16 қаңтар сағат 15.00 бастап "Қызылорда-Павлодар" автожолының 1135-1383 шақырымындағы "Павлодар обл-Қарағанды обл." аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.
16 қаңтар сағат 15.00 бастап қолайсыз ауа райына байланысты "Павлодар-Шербакты-РФ" жолының 79-112 шақырымындағы "Шербакты-РФ" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Ақмола облысында 16 қаңтар сағат 14.40 бастап "Астана-Ерейментау-Шідерті" жолының 16-205 шақырымындағы "Астана қ.-Павлодар обл" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.
Сонымен қатар бүгін түстен кейін "Астана-Қорғалжын" жолының 19-180 шақырымы. аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.