Боранға байланысты ШҚО-да жолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Боранға байланысты Шығыс Қазақстан облысында жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.

«10 қаңтар сағат 17.00-ден  ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, жолдың көрінбеуі) «Воскресеновка - Петропавловка-Шелехова-Белағаш-Дмитриевка» (40-48 км  а.Шелехова- а.Зенковка) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық», - деп жазылған хабарламада.