ОРАЛ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Батыс Қазақстан облысында орташа жалақы 57439 теңгеге жетті.
Бір қызметкердің орташа жалақысы алдыңғы жылғыдан 17,9 пайызға өсті.
Жалақы, әсіресе, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінде ? 47,6, жылжымайтын мүлік операцияларымен айналысатын салада ? 38,9, құрылыста ? 23,5, мейрамхана-мейманхана бизнесінде ? 20,2, өнеркәсіпте ? 20,5, көлік пен байланыста 20,1 пайызға өсті.
Облыстағы ең көп жалақы Бөрлі ауданында 134868 теңгеге жетсе, Орал қаласында ? 48722, Теректі ауданында ? 31753, Зеленовта ? 30811, Ақжайықта - 30327 теңгені құрады.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).