Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, қамауға алынған 30 босқынның 29-ы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментіне Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін алу үшін өтініш білдіргендер. Олардың берілген өтініштері қыркүйек айында қаралып, шешім қабылданған. Босқын мәртебесін беру жөніндегі комиссияның құрамындағы мемлекеттік органдардың өкілдерінен басқа, Женева, Швейцария, БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғары Комиссары басқармаларының сарапшылары да қамауға алынғандардың өтініштерімен мұқият танысып шыққан.
Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғары Комиссары басқармасының өкілдері қамауға алынғандардан сұхбат алу шарасына қатысып, комиссияның қабылданған барлық шешімдерімен және мәліметтерімен танысып отырды және өкілдердің пікірлері мен ұсыныстары комиссия мүшелері тарапынан ескерілді.
Өтініштер ҚР «Босқындар туралы» заңға және халықаралық заңдар және 1951 жылғы Конвенция талаптарына сай айқын, ешбір бөгетсіз қаралған. Қамауға алынғандар жөнінде жүргізілген барлық комиссия отырыстарын адам құқығын қорғау бөлімінің заңгері қадағалап отырды. Комиссия отырысының жұмысына қамауға алынғандардың ешбір нарзылығы болмаған және шағым-арыздар да түспеген.
Босқын мәртебесін беру жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы бойынша, 1951 жылғы қабылданған Конвенцияның F(е) пунктіне сәйкес бұрынғы берілген мандаттық босқындар мәртебесі жойылып, 28 өтініш берушілерге баспана беруден бас тартылды. Сонымен қатар, 1 Өзбекстан азаматы босқын деп танылып қамаудан босатылды. Ал 1 азамат қыркүйектің 8-інде Өзбекстан Республикасына қайтарылды. БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғары Комиссары басқармасы бұл азаматқа бұрынғы берілген босқын мәртебесінің күшін жойды, сондай-ақ Көші-қон Комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментіне өтініш білдіруден бас тартты.
Естеріңізге сала кетейік, босқын мәртебесін беруден бас тартылған азаматтар ҚР «Босқындар туралы» Заңына сәйкес, комиссияның қабылдаған шешіміне наразы болса жоғарғы органдарға, сот жүйесіне шағымдануға құқылы. Қамауға алынғандарға қорғаушылар қызметі ұсынылады. Өз елдерінде ауыр қылмыс жасағандары үшін жауапқа тартылған азаматтардың Қазақстанда болуы мемлекеттік комиссияның шешімі күшіне енгеннен кейін, ҚР-ның барлық заң талаптары бойынша қаралатын болады.