Бөтелкелесін өлтірген қылмыскерлер құрықталды - ҚР ІІМ

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында криминалдық полиция қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізу барысында адам өлтірген 19-21 жас аралығындағы екі күдікті жергілікті тұрғынды ұстап, уақытша ұстау абақтысына қамады.

Бұл туралы бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Баспасөз қызметінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның айтуынша, биылғы сәуірдің басында мойнына көп жерден пышақ салынған 45 жастағы пәтер иесінің мәйіті табылған.

Зерттеу нәтижелері бойынша, күдікті екі жігіт үй иесімен бірге спирттік ішімдік ішу кезінде туындаған жанжалдан кейін, оны пышақтап өлтірген.

«Қазіргі уақытта қасақана қылмысқа қатыстылығын тексеруге бағытталған қосымша жедел-тергеу шаралары жүріп жатыр», - дейді Нұрділдә Ораз.