Бұл туралы бүгін ІІМ-де өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.
Күдіктілердің 2012 жылы наурыз айында бірге ішімдік ішкеннен кейін туындаған жанжал кезінде Жаскешу ауылының 45 жастағы тұрғынын ұрып-соққаны анықталды. Жәбірленуші алған жарақаттардан қайтыс болған. Қылмыстың ізін жасыру үшін күдіктілер мәйітті ауыл шетіне апарып көміп тастаған. Ұсталғандардың көрсетуі бойынша мәйіт көмілген жерінен табылды. Аталмыш іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, күдіктілер уақытша ұстау абақтысна қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.
Брифингте айтылған мәліметтер бойынша, өткен апта ішінде елімізде 5786 қылмыс тіркеліп, оның 2739-ы ізі суымай ашылған.