Шара «Бөтен бала болмайды» - «Чужих детей не бывает» деген ұранмен өтті.
Облыста ата-анасыз қалған 57 бала, 30 патронаттық отбасында тұрады. Аймақта әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда. Ана-аналар қауымдастығын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, ақсақалдар мен ел ағаларын осы іске тарту өз жемісін беруде - жыл сайын балалар үйлерінде тәрбиеленушілердің саны 8-10 пайызға кеміп отырады.
Кездесуде бала асырап алған аналар тәрбиеге қатысты өз тәжірибелерімен бөлісті. Әңгіме барысында аймақ басшысы ең негізгі мәселелердің бірі - ата-ананың қамқорысыз қалған балаларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін қозғады.
«Талдау көрсетіп отырғандай, жетім балалардың тек 10 пайызының ғана өзіне бекітілген немесе ата-анасының үйінде үлесі бар, - деп атап өтті Е.Арын. - Осыдан бірнеше күн бұрын Ақсу қаласында екі үй пайдалануға беріліп, одан 14 пәтердің кілті 20 жетім балаға тапсырылды. Жыл аяғына таман Павлодарда 115 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталады, ол жерден де балалар үйлерінің тәрбиеленушілері пәтер алатын болады», - деп хабарлады аймақ басшысы.