«Астана-Петропавл» автожолының 265-ші шақырымында «Тойота» автокөлігін тексеру барысында оның жүк салғышынан жеке-жеке салынған екі еліктің еті табылды. Сондай-ақ қолға түскен үш ер адамнан аңды атып өлтірген қару да тәркіленді.
Қоршаған ортаны қорғау полиция бөлімі бастығының қызметін атқарушы Ержан Қазденовтың айтуынша, биылғы жылы аң аулау маусымының басталуы ыстық ауа-райы мен өрт қауіпіне байланысты қыркүйектің 16-сына ауыстырылған, сондықтан қазіргі таңда заңсыз аң аулаушыларға қатысты тергеу жүріп жатыр.