АСТАНА. KAZINFORM — Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты ширек финалына шыққан алғашқы екі құрама анықталды.
Қазірге дейін бес дүркін әлем чемпионы атанған Бразилия бұл жолы да сүрінген жоқ.
Олар 1/8 финалда Коста-Рикадан 5:0 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ Украина құрамасы 1/8 финалда Нидерландты 3:1 есебімен жеңіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Енді 29 қыркүйекте ширек финалда Бразилия құрамасы Иран мен Марокко жұбының жеңімпазымен ойнаса, украиналық футзалшылардың қарсыласы Испания мен Венесуэла кездесуінен кейін анықталады.
Сондай-ақ 1/8 финалда 25 қыркүйекте Испания мен Венесуэла, Парагвай мен Ауғанстан, 26 қыркүйекте Португалия мен Қазақстан, Иран мен Марокко кездеседі.
Ал 27 қыркүйекте плей-офф сатысында Таиланд пен Франция, Аргентина мен Хорватия кездеседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.