деп хабарлайды Associated Press агенттігі.
Рио-де-Жанейро көшелеріне шыққан 500-ден астам адам қолдарына Израиль мен Бразилияның жалауларын алып шыққан. Олар Израильді жоюға шақырған үндеуі үшін, сондай-ақ, Иранның ядролық бағдарламасы үшін Махмұд Ахмадинежадтың Бразилияға келуіне наразылық білдірген.
Иран Президенті Бразилияға бүгін, қарашаның 23-інде келуі керек. Оған 200-дей парсы кәсіпкері еріп келеді. М.Ахмадинежад Бразилия Президенті Луис Игнасио Лула да Сильвамен кездеседі. Ал Бразилия Президенті, Иран басшысын қабылдау - ол үшін үлкен құрмет екенін, бұған дейін мәлім еткен болатын.