Желтоқсанда жеткізілетін Brent маркалы мұнай баррелі 2018 жылдың қазанынан бері алғаш рет 84 доллардан асты.
ICE Лондон биржасындағы мәліметтерге сәйкес, Нұр-Сұлтан уақытымен 16.05-тегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың желтоқсан айында жеткізілетін фьючерс келісімдерінің бағасы 2,088 процентке жоғарылап, 84,110 долларға жеткен.
WTI маркасы 2,583 процентке қымбаттап, баррелі 81,4 долларға жетті.