деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Джонатон Хэйрул (Jonathon Khairule) туғанынан сал ауруына ұшыраған, осының салдарынан ол мүгедектер арбасына таңылған және клавиатураға мұрнымен хабарламаларды теріп қарым-қатынас жасай алады.
Сал ауруына ұшыраған және отбасының қолдауынсыз қалған Хэйрул бұдан алты жыл бұрын өзінің жай-күйінің себебін өз бетінше зерделей бастады және табиғи босандыру мақсатындағы екі нәтижесіз әрекет кезінде акушерлердің жол берген қателіктерінен кейін дер кезінде көмек көрсетпегендіктен осындай мүшкіл халге түскеніне көзі жетті. Нәтижесінде ол хирургиялық операция жасау арқылы дүниеге келеді, ал оттегі жетіспеуі біршама уақытқа созылғандықтан мидың зақымдануына және соның салдарынан сал ауруына әкеп соқтырған