Британдық лейбористер қызғылт түсті ойыншықтарға қарсылық жариялады

АСТАНА. Желтоқсанның 10-ы. ҚазАқпарат - Pinkstinks белсенділерінің британдық тобы қыз балаларға арналған, қызғылт түсті балалар ойыншықтарын ұсынатын дүкендер мен мекемелерге қарсылық жариялады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат The Daily Telegraph сайтына сілтеме жасап.

Қозғалыс лейбористер партиясына жататын әділет министрі Бриджит Прентистің (Bridget Prentice) қолдауына ие болды.

Pinkstinks өкілдері безендірілген қызғылт түсті және перизат бейнелі ойыншықтардың мол болуы қыз балалардың нәпсісін өсіре түседі және болашақта «ақсаусақ» болып өседі деген пайымды көлденең тартып отыр. Прентис қарсылықтың мақсаты - компанияларға олардан бүлдіршіндердің жынысына тәуелсіз бірдей көзқарас күтетіндіктерін көрсету екенін мәлімдеді.