Зерттеуге жетекшілік етіп отырған Дэвид Синклердің айтуынша, оның жұмыс тобы тарихта алғаш рет ағзаның қартаюы мен жасаруына жауап беретін гендерді нақты анықтай алды. Оның мәні денеге енгізілетін қоспаның қартаю процесіне жауап беретін барлық гендерді «өшіріп тастайтынында» болуда. Онымен қоса «жастық гендерін» ынталандыру жүргізіледі.
«Біз ағзаның қартаюымен күресетінін қадағалайтын гендерді аштық, егер оларды дұрыс пайдалансақ, олар керемет нәтиже береді, қартаю процесін кейін қайтара алады, біз оны тышқандарға жасалған тәжірибеден байқадық», - дейді Синклер.
Жануарлармен өткізілген тәжірибе аясында жасалған препараттың екпелері қартаюды бір аптаға тоқтата алатыны анықталды. Тышқандарға NMN молекуласы енгізілген соң олардың қартаю процесі күрт баяулаған. Синклер адамдарға жасалған екпеден де осындай нәтиже күтуге болатынына сенімді.