Британдық оқушылардың пікірінше, Исаак Ньютон отты ойлап тапқан...

АСТАНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат - Британдық әрбір оныншы оқушы, телефонды Елизавета ІІ патшайым ойлап тапты ден санайды екен.

Ұлттық ғылым және инжиниринг апталығының орайластырылған сауалнаманың қорытындысы осындай.

Онымен қоймай, телефон аппаратын «ойлап тапқандардың» арасында Чарльз Дарвин мен Ринго Старр да кірген. Дегенмен, дұрыс жауап бергендер де бар: респонденттердің төрттен үш бөлігі телефонды ойлап тапқан Александр Белл екенін біледі екен.

Сауалнама барысында басқа да күлкілі жағдайлардың анықталғанын айта кету керек. Британдық әрбір оныншы оқушының айтуынша, Айға бірінші болып аяқ басқан Лэнс Армстронг емес, мультфильм кейіпкері ғарыш рейнжері Базз Лайтер екен... Оған қоса, әрбір үшінші оқушы Исаак Ньютонның отты ойлап тапқанына сенімді.