Британдықтар ұшқыш басқармайтын «ұшатын қанат» жасап шығармақшы

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат - VTOL Technologies британдық компаниясы тігінен ұшатын және тігінен қонатын ұшқыш басқармайтын жаңа ұшатын аппаратты әзірлеуге кірісті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Ұшқыш басқармайтын ұшатын аппарат төрт винтті двигателі бар «ұшатын қанат» түрінде жасалатын болады және ұшу уақыты ұлғайтылған VTOL-ы бар басқа ұшқыш басқармайтын ұшатын аппараттардан ерекше болмақ.

Ұшқыш басқармайтын жаңа ұшатын аппарат ауада - кемі екі сағат, ал «бір орында ұшу» режимінде 30 минөтке дейін ұша алады. Flying-Wing деген атауға ие болған ұшқыш басқармайтын аппараттың ұшу қашықтығы 60 шақырымды құрайды.