деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
Кеңестің күн тәртібіне шығарылып отырған негізгі тақырыптардың қатарында Солтүстікатлантикалық одақ әскерінің Ауғанстандағы операцияларға атсалысу мәселесі бар. НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссеннің айтуынша, альянс елдері Ауғанстанға, АҚШ қосымша жөнелткелі отырған 30 мың әскериге қоса, 5 мыңдай әскери қызметкер жөнелтпек ниетте.
Бейсенбі және жұма күндері «Украина-НАТО» және «Грузия-НАТО» комиссияларының, сондай-ақ «Ресей-НАТО» кеңесінің мәжілісі өтеді.