Оқиға Гар дю Миди вокзалы маңындағы «BAR BQ» кафесінде орын алған. Олар өз командаларының Еуропа лигасы аясында «Андерлехтпен» өткізетін жолдастық кездесуі алдында жиналған екен.
Британдықтардың саны 50-дей болған. Оларға тап берген «Андерлехт» жанкүйерлерінің саны 100-ден астам болған.
Іште отырған ағылшындарға ашуға булыққан бельгиялықтар бөтелке, орындық лақтырып, оның арты төбелеске ұласқан.
Оқиға салдарынан 1 адам ауыр жараланып, оншақтысы әртүрлі деңгейде жарақат алған.