20:18, 09 Сәуір 2009
БТА Банк UBS Investment Bank-ты қаржы кеңесшісі етіп таңдап алды
АЛМАТЫ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - UBS Investment Bank «БТА Банкі» АҚ-ның қаржы кеңесшісі болып тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат БТА банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. UBS Investment Bank құнды қағаздар операциялары бойынша әлемдегі жетекші активтер менеджері, инвестициялық банк және компания болып табылады. Ол Швейцарияда бөлшек сауда және коммерциялық банктік қызметтер нарығының көшбасшысы. UBS Investment Bank-тің штаб-пәтерлері Цюрих пен Базельде (Швейцария) орналасқан. Оның әлемнің 50-ден астам елінде және барлық халықаралық орталықтарда өкілдіктері бар. Банктің әлемнің әр түкпіріндегі қызметкерлерінің жалпы саны 75 мыңнан асады. Жалпы БТА банктің қаржылық кеңесшілерінің қатарында қазіріг таңда UBS Investment Bank-тен басқа Голдман Сакс Груп, Инк. (The Goldman Sachs Group, Inc.) халықаралық компаниясы да бар.