деп хабарлайды ҚазАқпарат БТА банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
АҚШ сотына өтініш банктің басқарма төрағасы Әнуар Сәйденовтың атынан жіберілген. Бұған дейін банк атынан осындай өтініш Ұлыбритания мен Уэльстің жоғарғы сотына жіберіліп, мақұлданған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, БТА банкінің қайта құрылымдау жоспары былтырғы жылы басталған болатын. Атап айтқанда, 2009 жылғы қазанның 16-сы күні Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық соты банктің қайта құрылымдау туралы жоспарын мақұлдаған болатын. Ал желтоқсанның 7-сі күні Лондонда кредиторлар комитетімен қайта құрылымдау туралы жоспарға қол қойылған еді.