«Зеренді ауданы Приречное ауылының 50 жастағы тұрғынының бу қазандығы жарылуы салдарынан опат болуына байланысты ҚР ҚК 156 бабының 3 бөлігі (еңбекті қорғау ережесінің бұзылуы) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген Ақмола облысы бойынша ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның дерегі бойынша тергеу амалдары шеңберінде бірқатар сараптамалар тағайындалды.
Еске сала кетейік, қарашаның 23-і күні сағат 16:20-да Зеренді ауданының Приречное ауылындағы ЖШС-нің біріне тиесілі ғимараттың бу қазандығы жарылды. Салдарынан 50 жастағы жергілікті тұрғын көз жұмды. Тағы екі адам түрлі дене жарақатымен Ақмола облыстық ауруханасына жатқызылды.