Бүгін облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткен жиында жаңа тағайындалған басқарма басшылары таныстырылды. Атап айтсақ, облыс әкімінің ағымдағы жылғы 13 тамыздағы өкімімен Нұржан Мерекеұлы Мұқанов Ақмола облысы мемелекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы - бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болып тағайындалды. Сонымен қатар, облыс әкімінің ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі өкімімен Амангелді Халауденұлы Смаилов Ақмола облысы құрылыс басқармасының басшысы және Марзият Юсуповна Тохаева Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының басшысы болып тағайындалды. Сондай-ақ, жиында алдағы жылу беру мауысымына, орақ науқанына дайындық пен бюджет қаржысын игеруге байланысты мәселелер қаралды. Әрбір көтерілген сқрақтар бойынша тиісті сала басшылары мен жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктелді.
20:14, 01 Қыркүйек 2015
Бүгін Ақмола облысында бірқатар басқарманың жаңа басшылары тағайындалды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысында бірқатар басқармалардың жаңа басшылары тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.