Еуропада ақпанның 2-сін Candlemas «Балауыздар күні» деп атаған. Ырымға сенсек, егер сол күні күн ашық болса, қыстың екінші жартысы суық болады деп болжанған.
Ал АҚШ-та бұл күні қысқы ұйқыдан оянған суырдың «ауа райы туралы болжамын» бақылау рәсімі ұйымдастырылады. Егер мақұлық өз көлеңкесін көрмесе және інінен тыныш шықса, көктем ерте келеді деп саналады. Ал егер суыр өз көлеңкесін көрсе және ініне қайта тығылса, қыс әлі тағы 6 айда созылады деген сенім бар.