Шара барысында Алматы қаласының әкіміне Гуманитарлық ынтымақтастық департаменті өкілдері «ТМД достастығының мәдени астанасы-2014» сертификатын табыс етті.
«Бүгінде Алматыға беріліп отырған ТМД достастығының мәдени астанасы мәртебесін абыроймен атқару міндеті тұр. Алда атқаратын талай іс бар. Халықаралық қауымдастық алдындағы еліміздің мерейі әрдайым үстем болсын. Бірнеше жыл бойы ТМД аумағында өткізіліп келген мәдени оқиғаның эстафетасы сәтті түрде бізге беріліп отыр. Өздеріңіз білесіздер, Алматының мәдени орта ретінде маңызы өте зор», - деді қала басшысы.
Салтанатты шара отандық және шетелдік әртістердің қатысуымен өткен гала-концертке ұласты.