«Бүгін Алматыдан көрсетілгендердің бәрі ақырғы өнім өнім беретінжобалар.Өкінішке орай барлық аймақта ахуал мұндай емес. Біз индустрияландыру картасын белсендіру ұстанымның өзгеруін көрсетеді деп үміттенеміз», - деді Ә. Исекешев. Оның айтуынша, көптеген кәсіпорындар мемлекеттік тапсырыс беруді сұрайды. Мұндай кеңестер мен талқылаулар 2-3 жылдан кейін аяқталатынын жеткізген министр мемлекет техникалық-экономикалық негіздеме жасауға, патенттеуге, технология алуға ғана қаражат беретінін айтты. Енді жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың әрқайсысының мәселесі бойынша министрлік зерттеу жүргізбек. Бүгін сондай-ақ, мұндай талқылау енді жеңіл өнеркәсіп қауымдастығында жалғаспақ. Онда аталмыш саланың да мәселелері жеке талқыланатын болады.
15:02, 01 Наурыз 2012
Бүгін Алматыдан көрсетілгендердің бәрі ақырғы өнім беретін жобалар - Әсет Исекешев
АЛМАТЫ. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Қазіргі заманғы өндірісті бизнес өзі жасауы керек. Оны Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев бүгін Алматыда индустрияландыру картасындағы жобалармен танысу кезінде айтты.