1996 жылы желтоқсанның 7-сінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы бұл күнді Азаматтық авиацияның халықаралық күні деп жариялады және барлық елдердің үкіметтерін, сондай-ақ тиісті ұлттық, аймақтық, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарды осынау атаулы күнді атап өту үшін сәйкес қадамдар қабылдауға шақырды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі - Азаматтық авиация халықаралық ұйымының Ассамблеясы (International Civil Aviation Organization, ICAO) халықаралық азаматтық авиацияның жетістіктері мен проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару мақсатында бұл атаулы күнді 1992 жылы жариялаған болатын.
Бұл атаулы күн Азаматтық авиация халықаралық ұйымының Ассамблеясын құруға негіз болған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға қол қоюдың 50 жылдығына байланысты 1994 жылы желтоқсанның 7-сінен бастап атап өтіле бастаған.