17:31, 26 Наурыз 2009
Бүгін Байқоңырдан Халықаралық ғарыш стансысына ресей-американ экипажы ұшырылады
БАЙҚОҢЫР. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ – Бүгін Халықаралық ғарыш стансысына кезекті ғарыш экспедициясы аттандырылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кеше мемлекеттік комиссия «Союз ТМА-14» ғарыш кемесінің экипажын бекітті. Негізгі экипаждың құрамында ? «Союз ТМА-14» көліктік ұшқыш басқаратын кеменің командирі, Халықаралық ғарыш стансысының командирі Геннадий Падалка (Ресей Федерациясы), кеменің бортинженері, Халықаралық ғарыш стансысының бортинженері Майкл Баррет (АҚШ), ғарыштық ұшуға қатысушы ? Чарльз Симони (АҚШ) бар. Экипаждың қосалқы құрамына Максим Сураев (Ресей Федерациясы), Джеффри Уильямс (АҚШ), ғарыштық ұшуға қатысушы Эстер Дайсон (АҚШ) енді.Ұшу алдындағы дәстүрлі баспасөз мәслихатында ғарышкерлер алдағы ұшу туралы әңгімелеп берді.
Бүгін 11 сағат 45 минөтте екі экипаж да «Байқоңыр» ғарыш айлағына келді.«Союз ТМА-14» ұшқыш басқаратын кемені ұшыру наурыздың 26-сында Астана уақыты бойынша 17 часов 49 минөтке жоспарланған.