Бүгін Чили азаматтары жаңа президентін сайлайды

АСТАНА. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Чили азаматтары жаңа президентін сайлайды,

деп хабарлайды РБК агенттігі.

Бірінші турдан кейін оппозициядан дауысқа түскен 60 жастағы кәсіпкер Себастьян Пиньера алда келеді. Ол бірінші турда 44 пайызға жуық дауысқа ие болды. Екінші турдағы оның бәсекелесі Эдуардо Фрей «Демократия үшін партиялар бірлестігі» билік коалициясының өкілі. Оның кандидатурасын қазіргі ел президенті Мишель Бачелет қолдады. Алғашқы турда оған сайлаушылардың 29,6 пайызы дауыстарын берді.

Чилидің сайлау заңнамасы бойынша, атап айтқанда, ел конституциясында президент 4 жыл мерзімге бір-ақ рет сайланатыны көрсетілген.

Чилиде дауыс беру міндетті, оған қатыспағандарға айыппұл салынады. Сайлаушылар егер дауыс беретін күні ауырып қалғаны жөнінде маңайтағы полицей учаскесіне анықтама тапсырса немесе ең жақын учаскеден 200 шақырым қашықта болса ғана айыппұлдан құтылады.

Мемлекеттің жаңа басшысы 2010 жылғы наурыздың 11-інде өзіңнің міндетін атқаруға кіріседі.