Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні бұрын аталып өтіп келген Халықаралық телекоммуникациялар күнін және «Дүниежүзілік ақпараттық қоғам күнін» ауыстырып отыр. 2006-шы жылғы қарашада Халықаралық Электр байланысы одағының (ХЭО) Анталиядағы (Түркия) Уәкілетті конференциясында бұл екі атаулы күн 17-ші мамырда Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні ретінде аталып өтіледі деген шешім қабылданды.
Бұл күн - барлық программистердің, жүйелік әкімшілердің, интернет-провайдерлердің, веб-дизайнерлердің, интернет-басылымдар редакторларының басқа да ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтін адамдардың кәсіби мейрамы.
Информатика өркениеттің бейнесін түбірімен өзгертіп отыр. Ол әлемдік экономикада, өндірілетін өнімнің саны мен сапасын күрт көтеріп, нағыз жарылыс туғызды. Дегенмен, информатиканың маңызы әлдеқайда кеңірек. Бұл адамзатқа бұрын болып көрмеген мүмкіндіктер жасап отыр: білім басты байлыққа айналды, өз бетінше білім алудың керемет мүмкіндіктері ашылды.