Атап айтқанда, түнде Ақмола облысының жекелеген жерлерін тұман басады, 15-20 м/с екпінде жел тұрады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарында тұманды, түнде секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғады.
Алматы, Жамбыл, Павлодар, түнде Оңтүстік Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында сондай-ақ желді, оның екпіні - 15-22 м/с-ты құрайтын болады.
Шығыс Қазақстан облысында 17-22 м/с жылдамдықтағы желге шаңды дауыл араласады.